Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына 15 жыл толды

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өткен 15 жыл ішінде республикада өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін техникалық реттеуге арналған заңнамалық негіздер мен нормативтік базаны дамыту және жетілдіру бойынша міндеттерді орындау және оларды халықаралық талаптармен үйлестіру мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келеді. Институт Техникалық реттеу және метрология комитеті ведомствосына қарасты кәсіпорын ретінде құрылған болатын. Облыс орталықтарында 16 филиалы бар. Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру бойынша белсенді интеграциялық үдерістерді жүзеге асыра бастаған кезде аталмыш құрылымды құру барынша маңызды міндет болды. Осы фактор Отанымыздың экономикасының барлық салаларында техникалық реттеу мәселелерін қайта қарауды талап етті, бұл кейіннен техникалық реттеу жүйесін реформалады. Қазақстан Республикасының атынан халықаралық деңгейде шыға алатын мамандарды, стандарттау және сертификаттау саласындағы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға барынша қажеттілік туындады», - делінген баспасөз айғағында.
Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында, қазақстандық стандарттардың дәрежесін арттыруға стандарттаудың ұлттық жүйесін халықаралық, өңірлік және шетелдердің үдемелі ұлттық стандарттау жүйесімен үйлестіру үшін «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық органдармен келісімдер жасасқан. Атап айтқанда, институт бүгінгі күні Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI), Неміс стандарттау институты (DIN), Америка инженер-механиктер қоғамы (ASME), Америка материалдарды сынау қоғамы (ASTM), Британия стандарттар институты (BSI) секілді құрылымдармен белсенді ынтымақтастықта.
Институт халықаралық стандарттарды үйлестіру үдерісінде үлкен роль атқарды. Институт Қазақстанның Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның жұмыстарына белсене қатысады, ИСО-ның 16 техникалық комитетінің толық құқылы мүшесі және 8 қосалқы комитетінде қадағалаушы-мүшесі болып табылады. Осы жылдар ішінде Институтта Стандарттар мен техникалық регламенттердің мемлекеттік қоры құрылған.
Тоқтала кететін жайт, 14 қазанда жыл сайын бүкіл әлем Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Бұл ретте әр жылда көтерілетін ұран да әртүрлі. Ал биылғы жылдың ұраны: «Шығынды азайтып, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз».