Қазақстан Статилер ісі бойынша швед сотына шағымданбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Анатолий Статинің, оның ұлы Габриел Статинің және Ascom Group S.A. және Terra Raf Trans Trading Ltd. олардың компанияларының әрекеттеріне қарсы жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл әрекеттер 2013 жылғы 19 желтоқсандағы Стокгольмдегі төрелік трибуналдың қабылдаған шешіміне байланысты жүргізілуде.
Шешім Стокгольм сауда палатасының Төрелік регламентін бұзумен қабылдағандықтан, Қазақстан Республикасы Стокгольмдегі «Свеа» Апелляциялық сотта Төрелік шешімді жоюға бастама жасады.
Кейінгі талқылаулар үстінде Әділет министрлігі Статилердің көп жылдық ауқымды алаяқтық схемасын анықтады.
«Шведтік апелляциялық процесте Стати тарапымнан алаяқтық фактілері туралы дәлелдер мәні жөнінде қарастырылмады және 2016 жылғы 9 желтоқсанда «Свеа» Апелляциялық сот Төрелік шешімді күшінде қалдырды.
Аппелляциялық сот шешіміне шағымдану үшін Республика дереу Швецияның Жоғарғы сотына арызданды. 2017 жылғы 24 қазанда Швецияның Жоғарғы соты Қазақстан Республикасының өтінішін қайтарды.
Швеция Жоғарғы сотының осы шешімі атқарушылық іс жүргізу үстінде Төрелік шешім алаяқтық жолмен қабылданғаны туралы 2017 жылғы 6 маусымда танылған Англияның Жоғары сотының шешіміне қайшы жүріп жатыр. Осы күнге дейін жалғасып жатқан мәні жөнінде тыңдаулар тағайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Одан басқа, Статилер жасаған әрекеті үшін оны жауаптылыққа тарту мақсатында, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес туралы заң негізінде Вашингтон Аймақтық сотына талап берілді.
Қазіргі кезде Статилер әрекеттерімен келтірілген зақымды жою мақсатында халықаралық жария құқық нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Төрелік шешімге шағым түсіру үшін материалдарды дайындауда.