Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан стенд атудан Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшылар Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді.

Қазақстан стенд атудан Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде сегізінші орын алды
Фото: ҚР ҰОК

Наргиза Сарманова мен Марк Почивалов аралас командалар арасындағы «трап» бағдарламасында сегізінші орынға тұрақтады. Финалға үздік төрт команда ғана жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Аустралия құрамасы жеңіске жетті. Қытай екінші орын алса, Италия үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандықтар Даниил Почивалов пен Элеонора Ибрагимова 17-орынға тұрақтады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.