13:46, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Елбасы Жолдауын талқыға салады
АЛМАТЫ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Наурыздың 18-де ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Тұран» Университетімен және ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтымен бірлесіп «ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» атты Жолдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жуық кезеңдегі іс-қимылының негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Президенттің биылғы Жолдауы әлемдік экономикалық дағдарыс салдарын жеңуге және дағдарыс жағдайында алға дамуға жағдай жасауға басымдық берілгендігімен ерекшеленеді. Жиында елдің экономикалық дамуына, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтауға қатысты мәселелер қаралады. Елбасы Жолдауын талқылауға мемлекеттік және тәуелсіз ғылыми-сараптамалық құрылымдардың мамандары, ЖОО оқытушылары қатысады.