Қазақстан студенттеріне саясаттану жаңа оқулық бойынша оқытылады
Оның айтуынша, бұл оқулық - саясаттану саласында алдыңғы қатарлы ғылым қайраткерлері мен сарапшылардың жұмысының нәтижесі. Осы орайда ол бұндай оқулық оқу орындары үшін өте қажет болғанын атап өтті.
Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» ұйымының басшысы Наталья Калашникова жоғары оқу орындары үшін қазіргі заманғы лайықты оқулықтың болмауы үлкен проблемаға айналғанын жеткізді.
«Бұл іргелі еңбек өте маңызды екенін айтқым келеді. Бүгінде политология бағытында ешбір оқулық осындай тың мазмұнда болмаған еді. Оның ерекшелігі неде? Теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік-негіздемелік қадамдар схемалық түрде суреттелген. Бүгінде жас саясаттанушылар үшін бұндай бағыт өте маңызды. Бұл оқулық басып шығаруда инновациялық тың қадам», - деді ол.