Қазақстан студенттерінің альянсы жетім және мүгедек балаларға арнап автобус экскурсиясын ұйымдастырды

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Маусымның 1-і, Балаларды халықаралық қорғау күні, Астанада Қазақстан студенттерінің альянсы интернат үйлерінде тәрбиеленетін жетім және мүгедек балаларға арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
None
None

Бұл туралы жастар қозғалысының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Балалық шақтың автобусы» деп аталған акцияның мақсаты - жетім және мүгедек балалардың проблемаларына, олардың құқықтарын, өмірлері мен денсаулықтарын қорғауға жұртшылықтың назарын аудару болды.

Автобус экскурсияны Жеңіс даңғылынан бастады. Балалар үшін төрт «тілек аялдамасы» ұйымдастырылды, аялдамалардың бірінде балалар суреттерінің конкурсы өтті, акция серіктестерінің атынан сыйлықтар табыс етілді және дастархан жайылды.

Одан кейін балалар «Думан» ойын-сауық орталығы мен «Baby Park». отбасылық ойын-сауық орталығында болды. Ол жерлерде балаларға арнап түрлі ойындар, бағдарламалар ұйымдастырылды. Одан кейін елорданың орталық алаңына аялдама жасалды, деп хабарлады Альянстың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар