Қазақстан су тасқынынан қандай сабақ алды

АСТАНА. KAZINFORM – Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Болат Бекнияз елдегі су тасқынынан қандай қорытынды жасалғанын айтып берді.

Ақтөбе облысы
Фото: Алтынай Сағындықова

«Ең алдымен жаңа су қоймаларын салу керек. Қолда бар су қоймаларын реконструкциядан өткізу керек. Қазіргі таңда тасқын суды жинап, бүкіл су қоймалары толды. Қазіргі су Каспий теңізіне 1,7 млрд текше метр су келді, Балқаш көліне де 2,5 млрд текше метр су келді. Бұрын су бармаған шөлді жерлерге дейін су жетті. Қызылорда облысына Сарысу өзені мен Қарағанды облысынан су келді. Бұл судың жиналуына байланысты оң өзгеріс», - деді министрлік өкілі 10 республикалық арнада өтіп жатқан телемарафонда.

Мәселен, қазір Астана су қоймасының 400 млн кубтан астам суы бар. Былтыр жетпеген суды Сәтпаев каналы арқылы Ертістен тартылған еді. Осылайша биыл 2 млрд теңге қаражат үнемделіп отыр.

Спикердің айтуынша, 2030 жылға дейін Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Абай, Алматы, Шығыс қазақстан облыстарында 20 жаңа су қоймасы салынады.

Оған қоса, 15 су қоймасы күрделі жөндеуден өтеді.

«Соның нәтижесінде 200 мыңнан астам халқы бар 134 елді мекенді су басу қаупі азаяды», - деп түсіндірді Б. Бекнияз.

Соңғы жаңалықтар