Қазақстан сыртқы істер министрлігі Владимир Путиннің Астанаға келетінін растады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин осы аптада Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға қатысады. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Владимир Путиннің Астанаға келетінін растады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Владимир Путиннің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысуы жоспарланып отыр ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Иә, оның келетіні расталды. Владимир Путин бүкіл іс-шараларға – АӨСШК саммитіне, ТМД отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады», - деді Айбек Смадияров ҚР СІМ журналистеріне арналған брифингте.

Айта кетейік, Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады. Олар – Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Ресей, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан басшылары.

Сонымен бірге, АӨСШК бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті де саммитке қатысады.