Қазақстан таэквондо федерациясы екі жаттықтырушыны жарыстан шеттетті

Қазақстан таэквондо федерациясы  екі жаттықтырушыны жарыстан шеттетті
Фото: olympic.kz

Қазақстан таэквондо федерациясы Астанада өткен конференция отырысында тәртіп пен жарыс ережесін бұзған екі жаттықтырушыны жарыстан шеттетті, деп хабарлайды Kazinform. 

Федерация мәлім еткендей, оның бірі – Алматы қаласының жаттықтырушысы Төлеген Тілеумұратов.

Ол төрешілер мен жаттықтырушыларға, жарысты ұйымдастырушылар мен өзге де тұлғаларға құрметсіздік көрсетіп, спорттық этиканы өрескел бұзғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді.

Ал жарыстан шеттетілген екінші төреші – астаналық бапкер Сапаралы Әбдірашев. Ол Түркістан қаласында өткен республикалық турнирді ұйымдастыру барысында спортқа, төрешілерге және ұйымдастырушыларға әдепсіздік танытқан. Сол себепті Әбдірашев те екі жылға жарыстардан аластатылды.

Бұл ретте Қазақстан таэквондо (WT) федерациясы жекелеген спортшылардың, жаттықтырушылардың және таеквондоның басқа да мамандарының қоғамға жат мінез-құлық танытуларына жол бермейтінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram