Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – 28 тамызда, Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан әйелдер арасында ашық әлем чемпионаты басталады.

ы
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ааталған додада ел намысын тоғыз спортшы қорғайды.

46 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева, Тоғжан Өмірзақ

49 келіге дейін: Нұрай Бауыржанова, Адель Жанділдинова

57 келіге дейін: Мария Севостьянова

62 келіге дейін: Айша Әділбекқызы

67 келіге дейін: Аружан Найманбаева

73 келіге дейін: Нұрай Хусаинова

Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтағанын жазған едік.