Қазақстан танкішілері кәсіби мерекелерін атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1946 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде танкішілер күні аталып өтіледі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан танкішілері кәсіби мерекелерін атап өтуде

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Танкішілер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Бұл іс-шара Қарулы Күштер ауқымында алғаш рет өткізіліп отыр. «Бүгін ерекше мейрам. Танкіші болғанымды мақтан тұтамын және бұл Құрлық әскерлерінің басты соққы күші деп есептеймін. Бүгінде мұнда танкіші ардагерлер, Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік танкішілері жиналып отыр», - деді запастағы генерал-майор Геннадий Носоновский. Бүгінде танк құрамалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басты соққы беруші күші болып табылады. «Бұл күрделі, қажырлы, кейде қауіпті, алайда, құрметке татитындай еңбек. Баршаларыңызға Отанға аянбай қызмет етуде сәттілік, даму және денсаулық тілегім келеді», - деді запастағы генерал-майор Аманжол Оспанов. Салтанатты жиында естелік медальдар табыс етілді. Ал іс-шара қорытындысы бойынша мерекелік концерт өтті.

null null null null null null null null null null null null