Қазақстан тарапының кеден бекеттері алынбайды, сондай-ақ Ресей тарапынан олар күшейтілмейді - РФ ФКҚ Қазақстандағы өкілдігінің басшысы

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан тарапының кеден бекеттері алынбайды, сондай-ақ Ресей тарапынан олар күшейтілмейді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде Кедендік одақ қызметін түсіндіру мәселесіне орай call-орталықтың ашылу рәсімінде РФ Федералдық кеден қызметінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Вячеслав Осипов мәлімдеді.

Бүгін, яғни шілденің 1-інен бастап қазақстан-ресей шекарасындағы кедендік рәсімдеу барлық келісімдер мен нормативтік-құқықтық базаға сәйкес алып тасталғанын атап өткен ол, «кедендік бақылау Ресейдің де, Қазақстанның да тарапынан қалады. Кедендік бақылауды жүргізудің формалары және тәсілдері келісілген, нақтыланған, қызметі барлығына да белгілі. Қандай жағдайларда құжаттарды тексеру, кедендік қадағалау сынды кедендік бақылау формалары қолданылатындығын барлығы біледі», деді.

Сонымен қатар 2011 жылғы шілденің 1-інен бастап екі ел арасындағы кедендік бекеттер толығымен жойылып, кедендік бақылау алынып тасталатын болады. «Осы кезде Қазақстанның да, Ресейдің де тарапынан мемлекеттік шекарада тек шекарашылар қалады. Яғни, толықанды шекаралық көші-қон бақылауы орнайды», дейді В.Осипов.

Бұл орайда кедендік рәсімдеу алынғанымен, құжаттарды, автөкөліктерді, олардағы жүктерді тексеру жалғаса беретін болады.

Соңғы жаңалықтар