Қазақстан тарихында үшінші рет алимент төлемеген әке қылмыстық жаза арқалап, бір жылға сотталды

алимент
Фото: Freepik

Алимент төлеуден қасақана жалтарып, жұмыс істеуден бас тартқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын сот бір жыл екі айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kazinform.

Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы мәлім еткендей, борышкерге бас бостандығынан айыру жазасы сот орындау тарихында үшінші рет болып отыр.

Көп жағдайда қылмыстық жауапкершілік бас бостандығын шектеумен аяқталады, өйткені мәжбүрлеу шараcынан кейін адам қарызын өтейді.

Көктемде Түркістан облысының тұрғыны бір жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды.

Ал орындалу тарихында бірінші жағдай 2021 жылдың қазан айында Қостанай облысында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, адам қылмыстық жазаға тартылса да, оның баласына алимент төлеу міндеті жойылмайды.

Балаға алимент, ерте ме, кеш пе, төленуі керек. 

Соңғы жаңалықтар
telegram