Қазақстан Ташкентте өткен муайтайдан әлем чемпионатында он медальді жеңіп алды

20-27 қыркүйек күндері Ташкенттегі «Өзбекстан» спорт кешенінде өткен чемпионатқа әлемнің 70 елінен 700-ден астам спортшы қатынасты. Қазақстандық 19 тайбоксшы апта бойы «А», және «В» топтарында, жасөспірімдер жекпе-жекте сайысты. Финалдық және жартылай финалдық ұрыстарда Дарқан Қазиев (В класы, 63 кг), Дидар Болатов (45 кг) және Дамир Төленов (С класы, 57 кг) алтын жүлделерге ие болды. Күміс медальдар Әділет Түкібаевтың (57), Әлфараби Қойбағаровтың (В класы, 60 кг), Исхар Хасановтың (51 кг, С класы) үлестеріне тиді. Бұдан басқа Жансерік Әміржанов (63,5 кг), Алмаз Смағұлов (А класы, 71 кг), Дәурен Ерғабылов (С класы, 81кг), Нұрым Кемаль (54 кг, В класы) қола жүлделерді олжалады.
Муайтайдан әлем чемпионатының жабылу рәсімі бүгін Ташкенттегі «Өзбекстан» спорт кешенінде өтеді.