Қазақстан Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болғанымызды мақтан тұтамыз - Түркия Елшісі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет болғанымызды мақтан тұтамыз. 

Қазақстан Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болғанымызды мақтан тұтамыз - Түркия Елшісі

Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык екі ел арасындағы  дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай білдірген пікірінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың орнағанына 25 жыл толды. Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет болғанымызды мақтан тұтамыз. Достығымыз ортақ тарих пен мәдени байланыстардан нәр алуда. Өзара тиімділік пен сыйластық негізінде екі жақты қарым-қатынастарымыздың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін" , - деді Түркия Елшісі.