Қазақстан Тәжікстанның ең ірі үш сауда серіктесінің бірі болып қала бермек
АСТАНА. KAZINFORM — Қаңтар-қазан айларында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара сауда 30,3%-ға өсіп, шамамен 1,28 миллиард долларға (шамамен 574,4 миллиард теңге) жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі.
Тәжікстан статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Тәжікстанның осы жылдың қаңтар-қазан айларындағы сыртқы сауда айналымы 11,79 миллиард доллар болады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 35,1% көп. Тәжікстан 133 елмен, оның ішінде 10 ТМД елімен сауда жасайды.
Қытай Тәжікстанның жетекші сауда серіктесі. Алғашқы он айда екі ел арасындағы сауда айналымы 1,5 есеге өсіп, 3,34 миллиард долларға жетті.
Ресей екінші орында. 2026 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында бұл елмен сауда шамамен 2,1 миллиард долларды құрады (өсім 11,4%). Үлкен үштікті Қазақстан түгендеп тұр.
Бұған дейін Қазақстан Тәжікстанға 100 мың тонна бидай жеткізуге келіскені хабарланған болатын.