«Қазақстан» телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатын көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телеарнасы футзалдан 2016 жылдың 2-13 ақпаны аралығы Сербия астанасы Белград қаласында өтетін Еуропа чемпионатын көрсетеді.

«Қазақстан» телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатын көрсетеді

Еуропа біріншілігінің тарихында алғаш рет Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Біздің Ұлттық құрамамыз іріктеу сындарында Еуропадағы белді командалардың бірі Португалияны тізе бүктіріп сенсация жасаған болатын. Ал қосымша плей-офф сынында жігіттеріміздің Босния және Герцеговиналықтарды 9-0 есебімен ойсырата ұтқаны мәлім.

Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы плей-офф сынына берілетін жолдаманы Ресей және Хорватия құрамаларымен сарапқа салмақ. Әр топтан келесі кезеңге көрсеткіштері жоғары екі команда шығады.

«Қазақстан» телеарнасының көрермендері Қазақстан құрамасының топтық кездесулері мен плей-офф кезеңіндегі финалды қоса алғанда барлық матчтарды тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметінен.

Барлық трансляциялар келесі күні «Kazsport» телеарнасында қайталанады.

  • Трансляциялар кестесі

матч

телеарна

күні

уақыты

(Астана)

1

РЕСЕЙ - ҚАЗАҚСТАН

«ҚАЗАҚСТАН»

03.02.2016

23.20

2

ҚАЗАҚСТАН - ХОРВАТИЯ

«ҚАЗАҚСТАН»

05.02.2016

23.20

3

Бірінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

08.02.2016

23.20

4

Екінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

08.02.2016

01.50

5

Үшінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

09.02.2016

23.20

6

Төртінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

09.02.2016

01.50

7

Бірінші жартылай финал

«ҚАЗАҚСТАН»

11.02.2016

23.20

8

Екінші жартылай финал

«ҚАЗАҚСТАН»

11.02.2016

01.50

9

Үшінші орын үшін матч

«ҚАЗАҚСТАН»

13.02.2016

23.20

10

ФИНАЛ

«ҚАЗАҚСТАН»

13.02.2016

01.50