«Қазақстан» телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегін дәл болжай алған адамға сыйлық дайындап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «kaztrk.kz» сайты жекпе-жекті 24 сәуір күні 07:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.

«Қазақстан» телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегін дәл болжай алған адамға сыйлық дайындап отыр

Осыған орай, «Қазақстан» РТРК көрермендер арасында байқау жариялаған болатын. Оның шарты бойынша, қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін болжам ретінде дұрыс әрі нақты табуы қажет. Көрермендер мен жанкүйерлер белсенді қатысып, өз жауаптарын жіберіп жатыр. Осы уақытқа дейін редакцияға барлығы 1 329 болжам келіп түскен.

Айта кетейік, байқау Головкин-Уэйд жекпе-жегі басталғанға дейін жалғасады. Жауаптарыңызды мына https://vote.kaztrk.kz/boxing сілтеме арқылы өтіп, болжамды беруге болады. Жеңімпаз сол күні анықталады. Бағалы сыйлықты кездесу нәтижесін нақты анықтаған көрермен иеленеді.