«Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге қайталанбас әсер сыйламақ
Жаңа маусымды "Қазақстан" телеарнасы миллиондаған қазақстандықтардың көзайымына айналған рейтингті жобаларымен ашпақ.
17 тамыз күнгі таңда "Таңшолпан" таңғы шоу жүргізушілері Ирина Тэн мен Жансерік Берікқазыұлының (7:00-де) көрермендермен жаңа жаңалықтар және жағымды эмоциялармен, пайдалы кеңестермен бөлісіп, қызықты және позитивті адамдармен сөйлесу үшін эфирге шығатын болады.
Бұрынғы таныстармен жаңа кездесулер Құрманбек Жұмағалидің сенбілік кештерін көркейтетін болады. "Сенбілік кездесу" 22 тамыздан басталады. Студиядағы алғашқы қонақтар әнші және композитор Ұлықпан Жолдасов, ҚР халық әртісі Досхан Жолжақсынов, әнші Қайрат Нұртас болады.
Жаңа маусым қарсаңында Ләйлә Сұлтанқызы көрермендер үшін ең сезімтал және шынайы өмір оқиғаларын әзірлеп қойды. Әлеуметтік маңызы зор тақырыптар талқыға салынатын Қазақстанның басты "Әйел бақыты" әйелдер ток-шоуы эфирге 24 тамызда шығады.
"Қазақстан" телеарнасының көрермендері Нұрлан Қоянбаевтың студиясында екі есе әсерлі шоуға куә болады. Эфир - 25 тамызда. "Түнгі студияда" жобасының қонақтарына арналған тосын сұрақтар әзірленіп те үлгерді.
Кеңінен танымал "Қазақстан дауысы" шоуы 20 қыркүйектен бастап тағы эфирге жол тартады. Ол үшінші маусым күні басталмақ, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 29 қыркүйекте "Қазақстан" арнасының эфирінде "Намыс дода" спорттық-ойын-сауық шоуының үшінші маусымы бастау алады. Жоба жүргізушілері - Нұрлан Қоянбаев пен Асхат Садырбай. Осы жылы тартыстарға толы дода Қытайдың Хайнань аралында өтпек. Біздің құрамаға қарсы Қытай, Венгрия, Франция мен Алжир командалары шықпақ. Қазақстан 2012 жылы жеңімпаз болып та үлгерді.