«Қазақстан» телеарнасында 32 сериялы «Қыздар» телехикаясы эфирге шығады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 сәуір күні жастардың романтикалық комедия жанрында түсірілген жаңа, 32 сериялы «Қыздар» телехикаясы эфирге шығады. Телехикая «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» киностудиясымен түсірілген.

«Қазақстан»  телеарнасында 32 сериялы «Қыздар» телехикаясы эфирге шығады (ФОТО)

Хикая сюжеті бір-біріне мүлдем ұқсамайтын төрт бойжеткен оқитын қазақстандық беделді жоғары оқу орындарының бірінде өрбиді. Олардың екеуі - Айлан мен Мерей ауқатты отбасынан шыққан қыздар. Ал Айзере мен Қанекей - өмір бойы өздеріне ғана сеніп үйренген жандар. Төртеуі ешқашанда дос болмас еді, бірақ оларды біріктірген бір-ақ нәрсе бар - журнал шығару ісі. Жай ғана журнал емес, ең үздік, заманауи, сәнді, әрі танымал журнал шығару ісі!

Редакция құру және журналда қызмет ету жалпылама оқиғалардың алаңына айналады. Жастар үшін маңызды болып табылатын махаббат пен достық, алғашқы өмірден түңілу мен айырылысулар, жақын адамдарға деген адалдық пен Отанына деген қарым-қатынас - осының бәрін хикаядан көруге болады.

Хикая кейіпкерлері өзінің барлық жаңалықтарымен журнал беттерінде бөлісіп отырады. Студенттерді толғандырып жүрген мәселелердің маңызды тақырыбына айналған мақалалар хикаяның бір-бір сериясына айналады.

Хикая заманауи жастардың нағыз «өмір энциклопедиясына» айнала алады. Хикаяда алға қойған мақсат, ынта және кішкентай ғана батылдықтың арқасында 17 жастың өзінде салмақты әрі тәуелсіз жан болуға болатыны көрсетіледі.