«Қазақстан» телеарнасында - «Бапкер» отандық телехикаясының тұсаукесері

Онда басты кейіпкер - Бауыржанның рөлін «Сардар», «Келін», «Жерұйық» кинотуындыларындағы жұмыстарымен танымал болған Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Ержан Нұрымбет сомдайды.
Оқиға желісінде бокс бапкерінің өмірі мен мақсаты жайлы баяндалған. Оның арманы мықты чемпион тәрбиелеп шығару. Сүйікті кәсібінен басқа, ол бір жанұяның отағасы, аяулы әке. Бірақ өкінішке орай, сүйікті ісімен жанұясын асырауға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті шаңырағы шайқалудың әр жақ-бер жағында. Ол өз мақсатына жете алады ма?
«Бапкер» телехикаясы «Қазақстан» Ұлттық арнасында сағат 21.50-де көрсетіледі.
Режиссері: Бек Әбенов. Рөлдерде: Ержан Нұрымбет, Бақытжан Әлпейісов, Нұргүл Мағауина, Балтабай Сейтмамытов, Гүлшат Тұтова, Алихан Аманжолов, Данияр Базарқұлов және басқалар.