Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші бойынша 15 позицияға көтерілді

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік экономикалық форум 144 елге талдау жүргізе отырып, бәсекеге қабілеттіліктің Ғаламдық есебіне сәйкес, 2011 жылдың қорытындысында  Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 72 -ші орыннан 51-ші орынға көтеріліп,

Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші бойынша 15 позицияға көтерілді

ТМД  елдері   арасында көш бастады. Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

Бұл тізімде Ресей Федерациясы 67-ші  және Украина 73-ші орындарды иеленді (2010 жылы РФ- 66, Украина-82). БЭФ сарапшыларының  бағалауына сәйкес Қазақстан  көптеген көрсеткіштер бойынша өз позициясын жақсартты.

« Атап айтқанда, 2010 жылмен салыстырғанда инфрақұрылым жағынан Қазақстан 82-ші орыннан 67 орынға көтерілсе, ұялы байланыс абоненттерінің саны жағынан - 20-шы орынға (2010 жылы 38 орын), Интернет желісін пайдаланушылар саны бойынша - 62-ші орын (2010 жылы 77 орын), Интернет желісіне  кең жолақты қолжетімділікке ие абоненттердің саны  бойынша - 67-ші орынға (2010 жылы-71), Интернетті өткізу қабілеттілігі  бойынша -53  орынға (2010 жылы-74 орын) көтерілді»,-делінген министрліктің мәліметтерінде.

 3G, CDMA-450/800, 4G, FTTН, FTTB секілді жаңа технологияларды қолдана отырып,  Қазақстан Республикасының  тұрғындарын телекоммуникация қызметтерімен және инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету  бойынша жүргізілген шаралардың  қорытындысы жоғарыда аталған көрсеткіштердің әлемдік рейтингте айтарлықтай өсуіне  қол жеткізуге мүмкіндік берді.