Қазақстан темекі контрабандасы салдарынан жыл сайын 32 млрд теңге жоғалтады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада «Антиконтрафакт» XII халықаралық форумы аясында сарапшылар темекі өнімдерінің заңсыз айналымы, оның экономика мен халықтың денсаулығына салдары, сондай-ақ проблеманы шешу жолдарын талқылады.

ывфыфыф
Фото: QazSpirits

Ресми деректерге сүйенсек, ЕАЭО елдерінің контрабандалық темекіні сатудан жыл сайынғы салық шығыны өсуде, шамамен 1,9 млрд долларды құрайды. Ең көп зардап шегетін Ресей, былтыр аталған елдің экономикалық шығыны 130 миллиард рубльге жетті. ЕАЭО мүше елдер ішінде Қазақстанда екінші орында, биыл 32 млрд теңгені жоғалтты.

— Бізде темекіге қатысты контрафактілік жағдай күрделі. Жыл сайын нарықта шамамен 3%-ы заңсыз өнім айналым жүріп жатыр. Бүгінде контрафактілік өнімдердің үлесі темекінің жалпы санының 10%-нан асады. Бұл сала үшін де, бюджет үшін де үлкен шығын. Темекі құнының жартысынан астамын акциздер мен қосылған құн салығы құрайды, биылдың өзінде мемлекет 32 млрд теңгеден артық ақшадан қағылып отыр, — деді QazSpirits қауымдастығының атқарушы директоры Дмитрий Жуков.

Осы орайда қауымдастық басшысы контрафактімен күрес шараларын ұсынып отыр.

— Мәселені бір шарамен шешу мүмкін емес, кешенді тәсіл қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жекелеген баптарын қатаңдату қажет, мүмкін контрафактілік сауданың жолын кесуге бағытталған жаңа баптарды енгізу керек. Егер заңсыз тауарлардың партиясы аз болса, құқық бұзушы жауапкершіліктен қашқақтайды, бұл нарықта шағын көлемді заңсыз айналымға серпін береді. Сонымен қатар, кедендік бақылауды күшейту қажет, бүкіл жүкті толық қадағалау оңай шаруа емес, әсіресе заңсыз тауарлардың көлеңкелі айналымға түсуін анықтау, — дейді ол.

Оның айтуынша, контрафактіге қарсы күреске бизнес өкілдері де белсенді қатысу қажет.

— Полиция мен фискалдық органдарда әр сауда нүктесін бақылауға жеткілікті ресурстар жоқ. Проблеманың ауқымын азайту үшін бизнес белсенді қатысуы қажет, — деп толықтырды Д. Жуков.

Еске сала кетсек, Үкімет басшысы Олжас Бектенов контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар