«Қазақстан темір жолы» 2022 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ рекордтық көлемде жүк тасымалдап, жүк көлемі 252 млрд т-км нетто белгісінен асып түсті.
20 жыл ішінде бұл көрсеткіш екі есеге 5,2% өсті. Бұл логистиканың өзгеруіне, тасымалдау ауқымының ұлғаюына және тау-кен металлургия өнімдері экспортының өсуіне байланысты мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымал көлемінің тарихи максимумы орнатылып, 23 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейден 14% - ке жоғары. Оның ішінде экспорттық жөнелтілімдер 13% - ке, ел мұқтажы үшін импорт 9% - ке ұлғайды. Бұл жетістік екі ел теміржолшыларының үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қытайға тасымалдау сұранысының артуына байланысты Аягөз-Бақты үшінші теміржол шекара өткелін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.
2022 жылы ҚТЖ желісі арқылы 250 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Тас көмір тиеу 106,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың тоннаға артық. Қазақстандықтарға 70 млн. тонна көмір жеткізілді. Күн сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп қатты отын қорына мониторинг жүргізілді, облыстарда көмір қоры жеткілікті.
Жыл қорытындысы бойынша астық тасымалдау көлемі 10 млн тоннаны құраса, бұл 2021 жылғы деңгейге қарағанда 12% - ке жоғары, оның ішінде экспортқа 8 млн тоннасы, яғни 18% өсіммен жөнелтілді. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 3 млн тоннаны құраса, өткен жылғы деңгейге қарағанда 20%-ке өскен. Астық тасымалдаудағы негізгі проблема сәуір – қыркүйек кезеңіне квотаның қолданылуы болды, бұл жылдың соңғы үш айында рекордтық көлем - астық баламасында 1,5 млн тоннадан тасымалданған кезде тасымалдар күрт өсті.
«Тасымалдардың жылдам өсіп келе жатқан көлеміне және инфрақұрылымы жүктемесіне қарамастан ҚТЖ тасымалдау жоспарының орындалуын қамтамасыз етті және келесі жылға арналған басымдықтарды белгіледі»,-делінген хабарламада.
Фото: euls.ru