Қазақстан темір жолы 780 млн долларға еурооблигациялар орналастырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 4,8 пайыз жылдық өсіммен 780 миллион доллар көлемінде еурооблигация орналастырды. Орналастыру мерзімі - 10 жыл, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
780 млн доллар көлемінде еурооблигацияларды соңғы орналастыру 2020 ж. облигацияларды толығымен қайта сатып алып, мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік берді. Осылайша, компанияның қысқамерзімдік міндеттемелері мен қызмет көрсету жүктемелері едәуір жеңілдетілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жаңа еурооблигациялық шығарылымына эмитенттің (BBB- (Fitch) / Baa3 (Moody's)) несиелік рейтингі деңгейі берілді. Келісімнің жаһандық үйлестірушісі - J.P.Morgan және Renaissance Capital, букраннерлері - Halyk Finance пен MUFG», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттің 100% қатысуымен вертикалды ықпалдастырылған көлік-логистикалық холдингі болып табылады.