«Қазақстан темір жолы» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарланған Қазақстан қор биржасының сайтында.

«Қазақстан темір жолы» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің уәкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің толық құрамы жаңа мерзімге 2015 жылдың 21 маусымынан бастап бір жылға қайта сайланды», делінген хабарламада.

Сонымен, Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директор, жалғыз акционердің мүдделеріне өкілдік етуші; Балапанов Ерік Жұмаханұлы - жалғыз акционердің мүдделеріне өкілдік етуші; Илькявичюс Адамас - «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация жөніндегі бас директор, жалғыз акционердің мүдделеріне өкілдік етуші; Мәмин Асқар Ұзақпайұлы - «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды. Ал Дрю Джереми, Кун Кристиан, Сыздықов Тито Уахапұлы, Шомоди Кальман тәуелсіз директор болып қалды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағалығына Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы тағайындалды.