«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жыл басынан бергі кірісі 21,3 пайызға артты

АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жыл басынан бергі кірісі өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21,3 пайызға арттып отыр. Бұл ақпаратты аталған компанияның сайтында баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

Компанияның жүк айналымы 13,3 пайызға өсіп, шақырымына 100 миллиард тоннаны құрады. Мәселен, облысаралық жол қатынасының көлемі 11, экспорттық тасымал - 25, импорттық жүк тасқыны 2,9 пайызға өскен. Сонымен қатар өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда жолаушылар тасымалы да 6,4 пайызға ұлғайған.

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысына сәйкес, тауарлар мен қызметтерді сатып алудың барлық бағыттары бойынша қазақстандық қамту үлесі біршама ұлғайды, компания бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін 80 пайызға жеткізуді жоспарлауда.

Елдің темір жол көлігі машинасын құрастыру саласы да 6 айдың ішінде айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізді. Алғашқы жарты жылдықтың өзінде Қазақстанның 43 кәсіпорны темір жол көлігі үшін 471 бұйым игерді.

Сонымен қатар баспасөз қызметі, компанияның Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылы желтоқсанда «Қорғас-Жетіген» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін іске қосуды жоспарлап отырғандығын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар