«Қазақстан темір жолы» БҚО-да зардап шеккен теміржолшыларға көмектеспек

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен теміржолшыларға көмектесу үшін ауқымды шараны бастауға әзірлік үстінде.
None
None

18 сәуірдегі мәліметтер бойынша, салада жұмыс істейтін және олардың отбасылары, барлығы 185 адам көмекке зәрулердің тізімінде тұр. 67 отбасы немесе 200 адам, соның ішінде 57 бала көктемгі су тасқынынан зардап шекті. Олардың арасында вагоншылар, жол бойы қызметкерлері, байланысшылар, күзет қызметі, жолаушылар шаруашылығының жұмысшылары және басқалар бар», - делінген ҚТЖ-ның таратқан хабарламасында.

Қазіргі уақытта ҚТЖ, салалық кәсіподақ және «Нұр Отан» партиясы бастауыш партиялық ұйымы басшыларының жұмысшылардың зардап шеккен мүлкін қайта қалпына келтіру, жәрдемақы төлеу және гуманитарлық көмек көрсету туралы бірлескен шешімі жүзеге асырылу үстінде.

Онымен бірге, темір жол саласының ұжымы, соның ішінде орталық аппарат, оның филиалдары мен еншілес акционерлік қоғамдар әріптестеріне бір күндік жалақыларын аударатын болады. Ақша қаражаты «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қайырымдылық қоры - «Әлеуметтік жобалардың корпоративтік қорына» түсіп, кейін зардап шеккендерге бас-басына үлестірілетін болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум