«Қазақстан темір жолы» компаниясы өнертапқыш қызметкерлерді ынталандыратын болады
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өз қызметкерлерін өнертапқыш идеялары үшін қаржылай ынталандыратын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен семинар барысында ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының бастығы Қанат Сүйіндіков мәлім етті.
Оның айтуынша, қызметкерлер арасында өнертапқыш қызметті арттыру үшін компанияда арнайы нормативтік құжат дайындалған.
«Қызметкерлердің идеялары үшін қаржылай ынталандыру компания басшылығының әлеуметтік саясатының басты бағыты», - дейді ол.
«Ең аз сыйақы - 11 мың теңге, ең жоғарғысы - 63 мың теңге. Компания жыл сайын өткізетін өнертапқыш идеялар байқауының жалпы жүлде қоры - 250 мың теңге», - дейді Қ. Сүйіндіков.