«Қазақстан темір жолы» компаниясы отандық өнім өндірушінің үлесін арттыруға мүдделі - А. Мамин

АНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта біз отандық өнім өндірушілердің тауарларын сатып алу көлемін ұлғайтатын боламыз. Бұл туралы бүгін  Көлік  және  байланыс  қызметкерлері   күніне арналған салтанатты жиында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин мәлім етті,

«Қазақстан темір жолы» компаниясы отандық өнім өндірушінің үлесін арттыруға мүдделі - А. Мамин

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, теміржол саласындағы компаниялардан сатып алынатын тауарлардың көлемі 180 млрд. теңгеден 330 млрд. теңгеге дейін ұлғайатын болады. Осының нәтижесінде теміржол өнімдерін шығару 10 есеге өсіп, 170 млрд. теңгені құрайды. «Міне, осылай біз тұтынатын өнімдегі қазақстандық мөлшердің көлемі 95 пайызға дейін жеткізіледі», - дейді А.Мамин.

Сондай-ақ компания президенті атап көрсеткендей, биыл еліміздегі теміржол саласындағы жұмысты жетілдіру жүйесі мен жаңадан енгізілген инновациялық жобалар 68 млрд. теңге табыс әкелетін болады.