«Қазақстан темір жолы» компаниясының өткен 6 айдағы жолаушылар айналымы 6,8 пайызға артты
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» компаниясының ағымдағы жылдың 6 айындағы жолаушылар айналымы 7,9 млрд. жолаушы/шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйес мерзімімен салыстырғанда 6,8 пайызға артық. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК ғимаратында өткен Қазақстанның көлік қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын барысында мәлім болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК президенті Асқар Мәминнің айтуынша, 2012 жылы теміржол саласындағы жылжымалы құрамның тозығы жету деңгейі 64 пайыздан 60 пайызға дейін төмендетілген. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 58 пайызға жетпек.
Теміржол саласында үдемелі индустрияландыру да серпінді жалғасып жатыр. Қазіргі таңда Өскеменде «Шығысмаш зауыты» ірі вагон құймасы кәсіпорны монтаждау және ішкі құрылысы аяқталған. 2014 жылы «Қазақстан теміржолы» компаниясы өзінің ішкі ресурсы есебінен осы өнім түрімен теміржол саласын толығымен қамтитын болады.