11:50, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстан темір жолы контейнерлерді тасымалдаудың жаңа қызметін енгізді - А.Мамин
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде біз бизнес өкілдері үшін контейнерлік тасымалдың жаңа қызметін ұсынып отырмыз.

Бүгін Астанада басталған «Қазақстан - Жаңа Жібек Жолы» атты II Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумның пленарлық мәжілісінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, жаңа қызметтің ерекшелігі сол, енді пойыз құрамы жүктің көлеміне қарай жоспарланатын болады. «Ондайда платформалар келгенше, контейнерлік партияны құру жұмысы атқарылады. Бұл аса тиімді. Себебі пойыз құрамын құру жұмысына кететін уақыт үнемделеді. Оған қоса, платформалар ұзақ уақыт бойы тұрып қалмайды. Осының арқасында теміржол қозғалысын әжептәуір жеңілдетуге мүмкіндік туады», - дейді А.Мамин.