"Қазақстан темір жолы" тобына кіретін компаниялар сатып алған тауар мен қызметтегі қазақстандық қамту 75 пайызды құрайды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазақстан темір жолы" компаниялар тобында биыл 693 миллиард теңгенің тауар мен қызмет түрін сатып алу жоспары қарастырылған. Оны ұлттық компанияның вице-президениті Ерік Сұлтанов бүгін Алматыда өткен  "Мемлекеттік тапсырыс-2010" акциясы аясында өткен алқалы басқосуда айтты,

"Қазақстан темір жолы" тобына кіретін компаниялар сатып алған тауар мен қызметтегі қазақстандық қамту 75 пайызды құрайды

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан темір жолында" биыл тауар мен қызмет түрлерін сатып алу жоспарын  98 пайызға игеру болжануда. Онда қазақстандық қамту 75 пайызды құрамақ. Компаниялар тобы Алматы кәсіпорындарымен 270 миллиард  теңгенің тауар мен қызметіне келісім жасады. Оның ішінде  тауар  өндірушілермен - 5 миллиард, ал  басқа кәсіпорындармен 45 миллиард теңгенің келісімшартына қол қойылды", дейді Ерік Хамзаұлы. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-президентінің айтуынша, биыл олар 52,6 миллиард  теңге қарастырылған 58 меморандум жасап,  50,9 миллиард  теңгенің келісімшарттарына  қол қойған.