«Қазақстан темір жолы» ҰК» ационерлік қоғамында ұжымдық шартқа қол қойылды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат – Бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ орталық аппаратында ұлттық компания басшылығы мен темір жол саласы кәсіподағы орталық кеңесінің арасында 2009-2011 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартқа қол қою рәсімі болды.
None
None
Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Теміржол саласы кәсіподағы орталық кеңесінің төрағасы Борис Шубин қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар қол қою алдында атап өткендей, жаңа ұжымдық шартта компаниядағы барлық әлеуметтік жеңілдіктер сақталды. Жаңа ұжымдық шарт республикалық бюджетте көзделген ең төменгі көрсеткіш пен еңбекақы көлемі ескеріліп жасалды. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қызметкерлерін сауықтыру, кәсіби ауруларды емдеу жөніндегі негізгі шаралар ескерілді. А.Мамин ұжымдық шарт ? ұлттық компанияның маңызды құжаты және оның келешекте ойдағыдай жұмыс істеуінің кепілі деп атап өтті. «150 мыңға тарта адам еңбек ететін біздің компания үшін бұл құжаттың маңызы зор, сондықтан да біз шартта әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрін мұқият ескердік», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар