«Қазақстан темір жолы» ҰК «Халық банкімен» бірлесіп ақша аудару онлайн қызметін іске қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен серіктестік құра отырып, көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту барысында жүк жөнелтушілердің дербес есепшоттарына ақша аудару бойынша онлайн-сервисті енгізді, деп хабарланған ұлттық компанияның сайтында.

2015 жылғы қаңтар айынан бастап «Қазақстан Халық банкі» АҚ заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг жүйесі арқылы клиенттерге жүк тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін қаражатты нақты уақыт режимінде аударуды іске асыратын болады.

Қолданыстағы төлем тәсілдеріне қарағанда, онлайн-сервистің дербес есепшотқа ақша аудару уақыты бойынша айтарлықтай артықшылығы бар. «Клиенттердің есепшоттарына ақша аудару бойынша онлайн-сервис қызметі төлемдерді барынша тез, ыңғайлы әрі тиімді етіп, жүк жөнелтушілердің оларды жөнелту мүмкіндіктерін жылдамдатады. Оның көмегімен ұлттық көлік компаниясының клиенті жүкті тасымалдау қызметі үшін төлемді бірнеше минут ішінде төлеп, ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақшаны бірыңғай дербес есепшотқа аудара алады. Бұл үшін бар болғаны « Халық банкінің » Интернет-банкинг жүйесіне (Correqts нұсқасына) кіріп, тиісті мәліметтерді толтыру керек», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram