20:05, 17 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Қазақстан темір жолы» ҰК мен «ЗИКСТО» АҚ 20 және 40 футтық салмақтағы жүкке арналған платформа шығаруды игерді
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазқАқпарат - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен отандық машина жасау саласындағы көшбасшы «ЗИКСТО» АҚ соңғы екі жыл ішінде төртінші рет 20 және 40 футтық салмақты тасымалдайтын темір жол платформаларын шығаруды игерді,

деп хабарлайды Қазақстан теміржолы компаниясының баспасөз қызметі.
Осы жылдың тамыз айында кезекті платформаларды шығаруға рұқсат алынған болатын, енді алдағы уақытта платформаны шығарушылар «ҚТЖ» компаниясының қажеттілігі үшін сатып алынатын конкурстық шараға қатысатын болады.