«Қазақстан темір жолы» ҰК жаңа әкімшілік ғимаратында өрт шықты

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астананың Есіл ауданында салынып жатқан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының жаңа әкімшілік ғимаратында өрт шықты,

«Қазақстан темір жолы» ҰК жаңа әкімшілік ғимаратында өрт шықты
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құрылыс нысанының 9-шы қабатындағы күл-қоқыстан басталған өрт ағаш тіреулердің біріне ауысқан. 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт кезінде 114 құрылысшы басқа орынға көшірілді. Астана қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, өрт сағат 12:03-те ауыздықталған.