Қазақстан темір жолында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атап өтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 желтоқсанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізді.

  Қазақстан темір жолында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығы  атап өтілді

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов, «Рохи охани Точикистон» МУК бастығы Комил Мирзоалиев қатысты.

А. Мамин сала еңбеккерлерін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, «Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың басшылығымен қысқа мерзімде мемлекет құрып, экономикалық  тұрғыдан дамып, қоғамда келісім мен бейбітшілікке қол жеткізгенімізді» атап өтті.

А. Мамин Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатындағы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ына зор сенім артылып отырғандығына тоқталды. Ұлттық компанияға транзиттік әлеуетті көтеріп, инфрақұрылымды кешенді дамытып, ғаламдық нарықтағы серіктестік аясын кеңейту тапсырылған» болатын.

Жиналғандар алдында Компания басшысы Қанат Алпысбаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының ел Тәуелсіздігінің 25 жылында саяси, экономикалық, әлеуметтік салада жеткен табыстарындағы ролін ерекше атап өтті.

Президент  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ақ Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамытуға, оның ғаламдық көлік желісіне қосылуына  зор көңіл бөлді.  

«Аймақтардағы ішкі қатынастарды қамтамасыз етіп, еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін өсіру мақсатында жаңадан 2500 шақырым жол салынды»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

2008-2016 жылдары 2,9 триллион теңгенің активі жаңғыртылды. Мың локомотив, 37,5 мың жүк вагоны, 1500 жолаушылар вагондары жаңғыртылып, 4700 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді.

Мемлекеттік индустрия және импорталмастыру саясаты аясында әлемдік жетекші компаниялармен бірлесіп отандық өндіріс орындары құрылды. Бүгінде соңғы үлгідегі локомотив, вагондар, рельстер, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар өндіріледі.

Жүрдек жолаушылар тасымалдау бағдарламасы жүзеге асырылып, Қазақстанның бірлық ірі қалалары жүрдек жолаушылар бағдарларымен байланыстырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік-логистикалық кешенді дамыту, транзиттік әлеуетті және ғаламдық инфрақұрылымдық ықпалдасуға қызмет етуде.

Қазіргі таңда Компания темір жолмен қатар теңіз тасымалы, көлік-логистикалық орталықтардың қызметін үйлестіріп, теңіз порты, әуежай мен автокөлік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып отыр.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымы мен «Құрғақ порттың» құрылысы аяқталды. Құрық порты мен Алматы-Шу екінші темір жол желісінің алғашқы өткізу кешені пайдалануға берілді.

Көлік-логистикалық орталықтардың ішкі және сыртқы желілерінде еуразиялық құрлықтық жүк ағындарын шоғырландырудың тораптары жасақталуда. 

ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесі аясында Компания әуежайда жаңа халықаралық жолаушылар терминалын және Астана қаласында соңғы үлгідегі темір жол вокзалын пайдалануға беретін болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің стратегиялық дамуында Қазақстан аумағы арқылы өтетін көлік дәліздері арқылы ішкі және сыртқы көлік-логистикалық қызметін көрсетуді табысты атқарып келеді»,-дейді Компания басшысы.

 2016 жылы Азия Еуропа бағдарындағы контейнерлік жүк тасымалы 2011 жылмен салыстырғанда 100 есеге артты. Компания Транскаспий бағдарымен теңіз тасымалын дамыту мақсатында қазақстандық флотты құрды.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, «жаңа жүк ағындарын тарту 2013 жылы басталған жүк айналымының төмендеу үдерісін тоқтатуға ықпал етті».

«Ғаламдық көлік-логистикалық нарықта алға жылжу «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның аса күшті бәсекелестікке бейімділігі мен қызметінің сапалығы мен тиімділігіне байланысты»,-деп атап өтті Компания басшысы.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау Бағдарламасы аясында халықаралық нарықта жұмыс жасауға бағытталған инфрақұрылымдық оператордан тасымалдау бизнесін ұйымдастыруды бөлектеп алу ұйғарылды.

Қ. Алпысбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымының мақсатты қызметіндегі табыстарын атай келіп, еңбеккерлерге жасалып жатқан әлеуметтік қолдау шараларына тоқталды.

Салтанатты жиналыста Республиканың көлік-логистикалық кешенін дамытуға сүбелі үлес қосқан еңбеккерлерге мемлекеттік наградалар тапсырылды.

II-дәрежелі  «Достық» орденімен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов пен «Рохи охани Точикистон» МУК бастығы Комил Мирзоалиев марапатталды. Көршілес елдердің темір жол әкімшіліктері басшыларының көлік логистика саласындағы сенімді серіктестікке сіңірген еңбектері бағаланды.

II-дәрежелі  «Барыс» ордені «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Фарит Галимовқа берілді.

Саланың саңлақтары  «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен,  «Құрметті теміржолшы» атағымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

null