Қазақстан темір жолының Ресей Федерациясындағы филиалының жұмысына тексеру жүргізілді - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей Федерациясы прокуратурасының «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының «Шығыс теміржол учаскесі» филиалының осы мемлекеттің аумағындағы жұмысына жүргізген тексеруінің қорытындысы жарияланды.

Қазақстан темір жолының  Ресей Федерациясындағы  филиалының  жұмысына     тексеру  жүргізілді  - ҚР Бас прокуратурасы

«Шығыс теміржол учаскесі» филиалы пайдаланылатын «543 шақырым - Локоть бекеті - «Казахстанский» разъезі» теміржол магистральды жолының учаскесінде теміржол көлігі саласында прокурорлық қадағалау шарасы аумақтық қағидаға сәйкес Ресей Федерациясының көлік прокуратурасы органдарымен жүргізіледі.

2009 жылдың қараша айында Батыс-Сібір көлік прокуратурасы козғалыс қауіпсіздігі мен темір жол көлігін эксплуатациялау заңнамасының орындалуы бойынша тексеру жүргізіп, оның қорытындылары бойынша «Шығыс теміржол учаскесі» филиалының магистральды теміржолын күтуі бойынша бұзушылықтар анықталды: ақаулы рельстер мен жарамсыз шпалдардың болуы, ауыстыру тілшелері саңылауларының нормативтерден үлкен болуы және т.б. сол сияқты ақаулар.

Тексеру қорытындысы бойынша 2010 жылдың наурыздың 22-сінде «Шығыс теміржол учаскесі» филиалының атына заңдылықты бұзуды жою туралы ұсыныс енгізілді. Осыған байланысты, Қазақстанның Орталық аймақтық көлік прокуратурасы «Шығыс теміржол учаскесі» филиалының жолдың аталған учаскесін күту мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген ақша қаражатын жұмсау қызметінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жолдың осы учаскесі жолөлшеуіш вагондардың жұмыс кестесіне сәйкес жолдың жоғарғы құрылымының күтімі теміржолдарды техникалық эксплуатациялау ережелеріне сәйкес болуы тұрақты тексерілетіні анықталды.

2009 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Магистралды жүйелер дирекциясы жүргізген көктемгі және жазғы комиссиялық тексерістер барысында жоласты топырақтың отыруы, шпалдардың шіруі және т.б. сол сияқты 178 ақау анықталды.

Мысалға, Ремовская-Неверовская аялдамаларының аралығын тексеру барысында 33-, 34-, және 37-ші шақырымдарында жол топырағының отыруы анықталды.

Магистральды жолдар дирекциясы «Шығыс теміржол учаскесі» филиалына жолдың ағымдағы күтімі мен жөндеу жұмыстарына 2008 жылы - 125 000 000 теңге, 2009 жылы - 100 000 000 теңге және 2010 жылы - 180 736 000 теңге бөлген.

2008-2009 жылдары жолдың ағымдағы күтімі мен жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат толық көлемде игерілген.

Анықталғын бұзушылықтар бойынша «Шығыс теміржол учаскесі» филиалының директоры С.Щербаков жұмыстан шеттетілді, филиал директорының орынбасары А.Жексенбиевке және филиалдың бас инженері А.Чигаревке қатаң сөгіс жарияланды.

Сөйтіп, Магистральды жолдар дирекциясы жыл сайын аталған жол учаскесін күту және жөндеуге қаражат бөлетіні, анықталған ақауларды жою бойынша қажетті шаралар қабылданып отырғаны, ал кінәлі адамдардың жауапкершілікке тартылып жатқаны анықталды.