«Қазақстан темір жолының» сайтында Асқар Маминнің блогы жұмыс істей бастады

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 29-ынан бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының сайтында - http://www.railways.kz/ - Асқар Маминнің блогы жұмыс істей бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сайтқа кірушілер компания басшысына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз сауалдарын қоя алады немесе хат жазып қалдыра алады. Асқар Мамин блогтағы алғысөзінде «Сіздер өздеріңізді толғандырған жайларыңызды баяндап, сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Мен барлық сұрақтарға жауап беруге ынталымын. Біздің виртуалды сырласуымыз жемісті әріптестікке ұласатындығына сенім артамын. Сіздерді өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын», деген.
Соңғы жаңалықтар