«Қазақстан темір жолының» жүк айналымы 1 жылда 12 пайызға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолының» жүк айналымы 1 жылда 12 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР ОКК-де өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Асқар Мамин мәлім етті.

«Қазақстан темір жолының» жүк айналымы 1 жылда 12 пайызға төмендеді

«Мен 2014 жылмен салыстырғанда жүк айналымы төмендеуінің 12 пайызды құрағанын айта аламын. Бұл 2015 жылдың соңындағы қолымызда бар мәлімет. Ең жоғары құлдырауды біз экспорттық бағытта орын алады деп күтудеміз. Ол 25 пайызды құрайды. Бұл темір кені мен көмірді экспорттық тасымалдаудың төмендеуімен байланысты», - деді «ҚТЖ» басшысы.

Оның атап өтуінше, жүк айналымының төмендеуі негізінен Қытай мен Ресей бағытында байқалып отыр.

«Қытай бағытында біз Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты өнімінің шамамен 7 млн. тоннаға азаюынан көріп отырмыз. Көмірдің де Ресей бағытында тасымалдану көлемінің төмендеуі байқалады. Саладағы жалпы ахуал осындай. Бірақ, бұл жағдайда біз осыдан бірнеше жыл бұрын транзиттік тасымалды дамытуда таңдаған бағытымыздың дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдедік», - деді А.Мамин.