Қазақстан Теннис федерациясы балалар теннисін дамытуға бағытталған жаңа жобаны бастады

АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Теннис федерациясы «Қазақстанның келешегі зор 24 жасөспірімі» деп аталатын жаңа жобаны жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Теннис федерациясы балалар теннисін дамытуға бағытталған  жаңа жобаны бастады

Ондағы басты мақсат - балалар теннисін дамыту болып отыр. Жобаға қатысу үшін аймақтық филиалдардың директорлары бас бапкермен кеңесе отырып 6 аймақтан 1997-98 жылдары туған балалар мен қыздар арасынан - 1, 1999 жылы және одан төмен жастағылар арасына - 1 теннисшіден таңдап, гранттық көмекке ұсынады. ҚР Теннис федерациясының аталмыш көмегін алу үшін олар міндетті сериялық турнирлерге қатысуы керек. 400 АҚШ доллары көлеміндегі бұл грант жас теннисшілердің қажетті спорттық құрал-жабдығына жұмсалады. Ақтық шешімді қабылдайтын ҚР Теннис федерациясының Балалар теннисін дамыту жөніндегі комитеті болмақ. Онда үміткерлер ұсынылатын аймақтарға : солтүстік өңірде - Павлодар, Лисаковск, Қостанай және Петропавл қалалары. Орталық өңірде - Астана, Қарағанды қалалары; Батыс өңірде - Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалалары; Шығыс өңірде - Өскемен, Семей, Талдықорған, Алматы қалалары мен Алматы облысы; Оңтүстік өңірде - Шымкент, Тараз қалалары топтастырылған.