Қазақстан теннис федерациясы жарыстарды уақытша тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы 2020 жылдың 12 наурызы мен 20 сәуірі аралығында өтуі тиіс турнирлерді коронавирустың белең алуына байланысты кейінге қалдырған болатын. Осыған орай, Қазақстан теннис федерациясы мәлімде жасады. ITF теннистен барлық турнирлерді тоқтатты.
None
None

«Біз серіктестерімізбен және өзге де тараптармен, аймақтық және ұлттық қауымдастықтармен тығыз байланыстамыз. Қазіргі жағдай реттелген бойда, жарыстарды қайтадан өткізе бастаймыз. Споршылардың қызметкерлер мен жанкүйерлердің денсаулығы біз үшін маызды. Әзірге COVID-19 қашан ауыздықталатынын айту мүмкін емес. Бірақ біз жағдайды бақылауда ұстаймыз», - делінген Халықаралық федерацияның хабарламасында.

Аталған жағдайға қатысты Қазақстан теннис федерациясы да Қазақстан аумағында өткізілетін барлық турнирлерді белгісіз уақытқа шегерді.

Соңғы жаңалықтар