Қазақстан Теннис федерациясы жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Теннис федерациясы өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады, деп жазады «Хабар 24».
Команда капитаны Диас Досқараев биылғы жыл теннисшілер үшін ауыр болғанын жеткізді. Ерлер құрамасы Дэвис кубогының әлемдік тобынан шығып қалды. Енді үздіктер қатарына қосылу үшін Астанада өтетін Азия іріктеу жарысында жеңіске жету керек.
Қыздарымыз Федерация кубогында сынға түседі. Жекелеген сайыста Юлия Путинцева биылғы «Роллан Гарроста» ширек финалға дейін жетті.