Қазақстан теннис құрамасы Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастады

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан әйелдер құрамасы елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында 14-15 сәуірде Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңі аясында Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қос құрама ойыншылары Астанаға келіп, жаттығуға кірісті.

Алғашқы болып топырақ төсенішіндегі кортты Анна Данилина мен Юлия Путинцева байқап көрді.

Ойындар 14-15 сәуір күндері Астана уақытымен 13:30-да басталады. Алғашқы күні екі жекелей сындағы кездесу жоспарланған. Ал, 15 сәуірде екі жекелей және бір жұптық сындағы бәсеке нәтижесінде жеңімпаз команда анықталып, командалық әлем чемпионатына жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Хьюстондағы турнирдің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде жетінші орында келеді.


Соңғы жаңалықтар