Қазақстан теннисшілері Кремль Кубогі турнирінде келесі айналымға өтті

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстан теннисшілері Мәскеуде өтіп жатқан Кремль Кубогі жолындағы жарыстың екінші турына өтті, деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстан теннисшілері Кремль Кубогі турнирінде келесі айналымға өтті

Бірінші айналымда Андрей Голубев аргентиналық теннисші Максимо Гонсалесті екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Оның ендігі қарсыласы жергілікті спортшы - Игорь Куницын.

Алғашқы ойнында қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде 268 орында тұрған Зарина Диас та өзінің қарсыласы WTA рейтингісінде 49-шы орынды иеленіп отырған Хисела Дулконы 6:3, 6:7, 7:6 есебімен тізе бүктірді. Екінші турда З. Диас сербиялық теннисші Елена Янковичпен кездеседі.

Кремль Кубогі - жыл сайын Мәскеу қаласында күзгі мезгілде өтетін ірі халықаралық турнир.