12:26, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Қазақстан территориясының 70 пайызы шөлейттену үдерісіне шалдығып отыр
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан территориясының 70 пайызы шөлейттену үдерісіне шалдығып отыр.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын пайдалану мәселелері туралы» атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков осылай мәлім етті.
«Бұдан бөлек, жерге, оның сапалық құрамына қатысты мониторинг жүргізілген болатын. Соның нәтижелеріне жүгінсек, жердің сапалық сипаты бойынша елімізде 30,5 млн. гектар жер жел және су эрозияларына ұшыраған. Оның ішінде 1,6 млн. гектар жерді егістік алқабы құрап отыр», - дейді Ө. Өзбеков.