Қазақстан Tik Tok-ты бұғаттай ма – А.Балаеваның жауабы

tiktok
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Tik Tok-тың бұғаттау туралы ұсыныстарға пікір білдірді.

«Бұғатталғанда, біз көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқық бұзу фактілері өте көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның бәрі ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте, осындай шараларды қабылдауға тура келеді. Бұл шешілген дүние емес. Әлі қарастырылып, одан кейін жалпы талқылауға шығарылатын мәселе», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Соңғы жаңалықтар