09:17, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Қазақстан ТМД бойынша ең бақытты елдердің үштігіне кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ тапсырмасы бойынша Гэллап институты халықаралық бақыт индексін жасады. Рейтингте азаматтардың байлығы мен әл-ауқаты деңгейінен бөлек өмір сүру ұзақтығы мен жұмыспен қамтылу деңгейі де ескерілді. Қазақстан посткеңестік кеңістік елдерінің ішінде ең бақытты ел үштігіне кірді.

Зерттеуге сәйкес бұрынғы КСРО республикаларының арасында ең бақытсызы Грузия (130-шы орын), Армения (127-ші орын), Украина (111-ші орын) атанды. Одан әрі рет бойынша Тәжікстан, Латвия, Әзербайжан, Қырғызстан, Эстония, Түркіменстан орналасқан. Ресей мен Беларусь 64-орын және тиісінше 59-орында тұр.
Қазақстан посткеңестік кеңістік елдерінің арасында ең бақытты елдер арасында құрметті үшінші орында тұрса, әлем бойынша 54-орынды иеленген. Молдава (52-ші орын), Өзбекстан (44-орын) азаматтары өздерін бізден де бақыттырақ сезінетін болып шықты, деп жазады «Экспресс-К» басылымы.