Қазақстан ТМД елдерімен сауда-экономикалық қатынасты жандандыруға ынталы - Е.Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ТМД елдерімен сауда-экономикалық қатынастардың дамыуына үлес қосуға ынталы. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мәскеуде өткен Экономикалық кеңестің 64-ші отырысы шеңберінде 2015 жылы Экономикалық кеңеске Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету Тұжырымдамасын таныстыру рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрілігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жиында Ерболат Досаев ҚР Президентінің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында атап өткеніндей, сауда-экономикалық қатынасты тереңдету Қазақстанның ТМД-ға төрағалық етуіндегі негізгі мақсатың бірі екенін атап өтті.

Министр форумда Қазақстанның төрағалық етуіндегі басым міндеттерді атады.

Е.Досаевтың айтуынша, «Достастықтағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту, ТМД кеңестігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бастамаларға жәрдемдесу, көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешуде Ұйымның рөлін арттыру, еркін сауда аймағы туралы шарттың әлеуетін одан әрі нығайту, сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету, өнеркәсіпте, энергетикада, көлік және коммуникация, сондай-ақ өзге де салалардағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылым, білім, спорт, туризм, жастар саясаты салаларындағы байланысты дамыту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту - Қазақстанның төрағалық етуінің негізгі міндеттері»

Айта кетейік, бүгін Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 64-ші отырысы өтті.

Оның күн тәртібіне бірқатар бағыттар бойынша ТМД елдерінің ынтымақтастығын кеңейту мәселелері енгізілді. Сондай-ақ, жиында бюджет-қаржы мәселелері де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар